Меню KDT

logo7.png?_=1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Оқу - тәрбие процесі

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710856125450661/files/%D0%BE%D2%9B%D1%83%20%D1%82.jpg?_t=1715924849 
        https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710856125450661/files/%D0%A2%D3%99%D1%80.jpg?_t=1715924941 
                     
        https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710856125450661/files/%D1%82%D3%99%D1%80%D0%B1%D0%B8.jpg?_t=1715925125 

    2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы :

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) 

            ҚР Оқу-ағарту министрінің  18.08.2023 жыл – Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:                    1-4 сыныптар үшін, 

       2023-2024 оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек   2-сыныпқа ғана қатысты,  атап айтқанда: - 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады ,  «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.

             Үлгілік оқу жоспарының оку пәндерінің   орындалуын растайтын бағаланған кезеңге            арналған сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, «күнделік»   жүйесіндегі журналдар толтырылған.

    1. Білім алушылардың  таным мәселелерін шешуге және субьективті жаңа  білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және   жалпы адамзаттық құндылықтарды   дарытуға бағытталған тәрбие   жұмысын іске асыру бойынша (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі)

    2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде мектеп басшысымен 30.08.2021 жылғы №1 пед. кеңестің қаулысымен бекітілді.

    Тәрбие жұмысының мазмұны:

          Білім берудің жаңа деңгейіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үрдісінің өсуіне байланысты тәрбие күнделікті жаңа әдістерді іздеуді талап етеді. Қазір білім мен тәрбие беруде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына және ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіруге үлкен мән беріліп отыруына орай, азаматтық-патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие бағыттарының өзегі болып отыр.

    Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 

    Тәрбие жұмысының міндеттері:

    - денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

    - балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

    - өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

    - мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

    - балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

    - отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

    Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 8 бағытына және Ұлттық білім академиясының «Сынып жетекші жұмысының әдістемесі» әдістемелік ұсыныстар бойынша 8 басым бағыт негізінде сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

    Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

    Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу, әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелі сынып жетекшілердің жұмыстарын жинақтау, келесі жылға тарату;

    Жаңа оқу жылының жұмысы тамыз айында ұйымдастыру жұмыстарынан басталды. Тәрбие жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. Сынып жетекшілерінің қызметттік міндеттерімен таныстыру, алғашқы сабақ тақырыбымен таныстыру, сынып жетекшілерінің портфолиосын сыныпқа жасақтау.

        Азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру  барысында   оқушыларға ҚР мемлекеттік   рәміздерін бағалап,   ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды.






    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Керекті сілтемелер