Біздің тарихымыз
Мектеп тарихы Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің іргетасы 1938 жала № 62 мектеп болып қаланып, бүгінде қабырғасынан талай өрендерін ұшырған киелі ордаға айналып отыр. Мектептің тұңғыш түлектері М. Әлшекенов, С. Аққозиев, О.Ұнтақов, Х. Ақаеев, Н. Шолтабаевтар есімі мен алғашқы ұстаздар Н.Сүлейменов, Ж.Тыналин К.Қалықов, Т.Омарбеков, О.Өскенбаев есімдері тарих беттерінде, мектеп негізін қалаушылар ретінде мәңгілікке қатталып қалуда. № 62 орта мектебі 1960-1970 жылдары № 308 орта мектебі болыпаталады. 1987 жылы мектепке қосымша ғимарат қосылып кеңейтілді. 1989 жылы мектептің 50 жылдығы тойланды. 1990 жылы Ыбырай Алтынсарин аты берілген болатын.1998 жылы 24- қазан күні мектептің 60 жылдық мерейтойы тойланып, содан бері «24- қазан мектеп күні» ретінде жыл сайын аталып өтуде. 1994 жылы мектеп-гимназия болды. 1998 жылы «Шоғырландырып қарқынды оқыту жұйесі» бойынша Республикалық эксперименттік алаң мәртебесін алды. Мектепті көптеген басшылар басқарды.
Мектеп директорлары:
1 Ж.Тыналин - 1938-1939ж.ж
2Жуматаев Ж- 1939-1940ж.ж
3 Сулейменов А -1940 -1941 ж.ж
4 Салақов А -1941-1945 ж.ж
5 Саламатов Қ -1945 -1948 ж.ж
6 Саттыбаев Қ -1948-1952 ж.ж
7 Нуржумин Қ -1952-1954 ж.ж
8 Жунисов Н.С -1954-1959 ж.ж
9 Токеев А - 1959-1968 ж.ж
10 Утебалиева Ә -1968-1972ж.ж
11 Бейсетбаев А.Н – 1972-1986 ж.ж
12 Иманбердиев Д -1986-1987 ж.ж
13 Абдығалиев Қ -1987-2003 ж.ж
14 Жинақбаева М.Қ -2003-2005 ж.ж
15 Жаппасбаева Ұ.Ж -2005-2008 ж.ж
16 Қанайқұлов Б.О -2008-2010 ж.ж
17 Жангарашева А.Т -2010-2011 ж.ж
18 Естаева А.Т -2011-2012 ж.ж
19 Сейдахметова Г.Б -2012 -2022 ж.ж.
20. А.С. Джумагулова 2022 жылдан бастап қазіргі таңға дейін басшылық етуде.Ұзақ уақыттың тарих жолында ментеп табалдырығынан сан мыңдаған азамат білім алып, еліміздің әр саласында қызмет етуде. Мектеп ұжымында жоғары санатты, білікті де, білімді ұстаздар баршылық. Олардың әрқайсысы өз маманына сай еңбек етіп, ұрпақ үшін, болашақ үшін тер төгіп, еңбек етуде.