Шу қаласы«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 1 – қазан Қарттар күніне мектеп кітапханашысы «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Білім алушылардың бойына халқымыздың қадір – қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата – бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көрмеге нақыл сөздер, көркем суреттер және кітаптар қойылды. Білім алушылар өздерінің түйіндеген ойларын ортаға салды. Көрмеге 2 «А», 2 «Б» сынып білім алушылары қамтылды.