«Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу», «Қылмыстық жауапкершілік», «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптары аясында кездесу өтті
Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 12 қыркүйек күні Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлибеков пен Шу АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты С.М.Сүйерқұл «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу», «Қылмыстық жауапкершілік», «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптары аясында 8-11 сыныптардың білім алушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу. Түсіндірме жұмысы барысында білім алушыларға жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, бопсалау, зиянды заттарды қолданбау, бөтеннің мүлкін ұрламау ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүрмеу, жалған ақпараттар таратпау туралы айтылды. Білім алушыларды мектеп ержесін бұзбауға, бір-біріне дөрекілік көрстпеуге, тәртіпті болуға , бос уақытын текке өткізбей, пайдалы істермен өткізуге яғни спорт үйірмелеріне, басқа да үйірмелерге қатысуға шақырды.