Шу қалалық аурухананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Оспанова Есен Әлмешқызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі Арыстанбек Жания Бейбіқызы 2024 жылдың 5 қыркүйек күні салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдау күнін өткізді. Кездесіге «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-11 сынып қыздары қатыстырылып, «Қыз баланың жеке бас гигенасы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарына қатыстырылып, жеке сұрақтарға жауап алды.