Шу ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, зиянды заттарды тұтынудың алдын алу мақсатында 2024 жылы қыркүйек айының 5-і күні Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлибеков пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Нурбекова мектеп жанында орналасқан «Нұрбол», «Нұрхат» дүкендеріне рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында дүкен иелері мен сатушыларына алкоголь, темекі, насыбай т.б. өнімдерін кәмелетке толмаған жасөспірімдерге сатпау керектігін ескертіп, ҚР әкімшілік кодексінің 423, 133, 200 бабымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.