«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 24 мамыр күні 1-10 сынып аралығында «Білімім-Отыныма» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында 2023-2024 оқу жылының қорытындылары жасалды, барлық білім алушыларға Оқу–ағарту министрінің құттықтау бенкролигі жолданды. 9-11 сыныптың түлектері «Мен.Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан эссе жазды. 1-4 сынып білім алушыларының үздіктерін мектеп директоры А.С.Джумагулова марапаттады. Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан білім алушылар марапатталды, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша бір жылдық қорытынды жасалып білім алушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтары табысталды.
# Біртұтастәрбие
#Білімім-Отаныма