Іс-шаралар
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 20 мамыр күні «Қазіргі ата-аналар мен балалар » тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1 .Жазғы демалалыс кезіндегі қауіпсіздік. Төтенше жағдайдағы іс-әрекет
Жауапты: Аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Бегалиев Бақыт Сәрсебайұлы
2. «Жазғы демалыс кезіндегі құықбұзушылықтың алдын алу»
Жауапты: Шу АПБ ЖПҚ ЮПБ –нің учаскелік полиция инспекторы полиция мойоры Жайлибеков Біржан Сабитұлы
3.2023-2024 оқу жылының қорытындысы (Мектеп мұғалімдері мен оқушылар жетістігі, соңғы қоңырау, аттестат тапсыру кеші,т.с.с)
Жауапты: мектеп директоры Джумагулова Айгул Сериковна
4.Аралық, қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі мен уақыттарымен таныстыру
Жауапты: ДОІЖО Арысбаева Айнаш Сатаркуловна
5.Қауіпсіз жаз-2023. Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері.
Жауапты: ДҚТІЖО Нурбекова Молдир Миаткуловна
6.Жаз кезіндегі білім алушылардың демалысын, сауықтыруын,лагерь
жұмыстарының ұйымдастырылуы
Жауапты: ДТІЖО Адалбекова Асем Рустемовна
7. 2024-2025 оқу жылының мектеп формасы
Жауапты: ДТІЖО Адалбекова Асем Рустемовна
8. Әр түрлі мәселелер
9. Сынып бойынша ата-аналар жиналысы
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мамандар баяндама жасады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Бегалиев Бақыт Сәрсебайұлы шомылу маусымы кезіндегі балалардың қауіпсіздігі басты назарда болу керектегі жайлы баса айтты. Суға шомылу мауысымында тек рұқсат етілген аймақта ғана суға шомылу керектігі, қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді. Өрттен, судан,жолда жүру, терезеден құлап кету сияқты түрлі оқыс оқиғаның алдын алу туралы ақпарат беріп өтті. Баяндама соңында ата-аналарға жадынамалар таратылды. Шу АПБ ЖПҚ ЮПБ –нің учаскелік полиция инспекторы полиция мойоры Жайлибеков Біржан Сабитұлы жаз мезгілінде баланың бос уақыты көп екендігін, коп жағдайда бала қараусыз қалатындығы соның әсерінен құықбұзушылықтар болып жататыны туралы ескертті. Жаз мезгілінде мезгілсіз уақытта балалардың жүруі олардың өміріне қауіпті екені есертілді. Велосипед, электор мопедтер, скутерлер айдау бала өміріне қауіпті екені, одан көптеген оқыс оқиғалардың орын алып жатқандығы туралы ақпарат берілді. Бос уақытында жұмыс жасау үшін егіс алқаптарына қадағалаусыз жіберу, ойын-сауық мекемелерінде мезгілсіз уақытта жүргені үшін ата-аналарға Әкімшілік құқық бұзушылықтың 127-бабы, 442 бабы, 435 –бабы бойынша айыппұл салынатыны туралы ескертілді. 2023-2024 оқу жылындағы мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері аталып, жылдық есеп берілді. ДҚТІЖО М.М.Нурбекова «Қауіпсіз жаз-2024, шомылу маусымы» туралы баяндама жасап, балларды қадағалаусыз шомылуға жібермеуді ескертті,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында балаларды қадағалау керектігіне баса назар аударды. 2024-2025 оқу жылындағы мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша ДТІЖО А.Р.Адалбекова 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 534 бұйрықта 2-3 тармақтары таныстырды. Мектеп формасына қойылатын талаптар ата-аналар ақпараттандыру, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектепте болытын аралық, қорытынды емтихан кестесімен ДОІЖО А.С.Арысбаева таныстырды.Аталған іс-шараға жалпы саны 136 ата-ана , мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қатысты.
21.05.2024
0