Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры Көкрекбай Иманғали Жанқозыұлы мен АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлибеков кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру мақсатында 9-11 сыныптардың білім алушыларына жиналыс өткізіп, профилактикалық ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 16 мамыр күні Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры Көкрекбай Иманғали Жанқозыұлы мен АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлибеков кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру мақсатында 9-11 сыныптардың білім алушыларына жиналыс өткізіп, профилактикалық ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиын барысында Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры И.Ж.Көкрекбай білім алушыларға су айдындарында белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым салынғанын және кәмелетке толмағандарға, арнайы құжаттарсыз немесе қауіпсіздік шараларын сақтамай мотмтехника құралдарын басқаруға болмайтындығы туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың егін алқаптарында, көлік жуу орындары мен кафе, мейрамханаларда тағыда басқа теріс тәрбие беретін, денсаулығына зиян келетін орындарында жұмыс істеуге болмайтыны туралы осы аталғандардың алды алу мақсатында Шу ауданаралық прокуратура, Шу аудандық полиция бөлімі, білім мекемелері тарапынан үнемі рейд жұмыстары жүргізіліп тұратынын ескертті. Білімі алушыларға бір - біріне әлімжеттік көрсету, бопсалау, қорқытып алу, буллинг әрекеттерінің қылымыс е кенін, ол үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы, түнгі уақытта ата - ананың еріп жүруінсіз ойын - сауық мекемелерінде, көшеде жүруге болмайтыныдығы туралы, ерте жүктілік туралы айтып, білім алушыларды құқық бұзушылық жасамауға, қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге, тәртіпті болуға шақырды.