Жамбыл облысы Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы бойынша «Мектепке тағзым» акциясы аталмыш білім ордасында жалғасын табуда. 2024жылдың 14мамыр күні 2004 жылғы түлектер қазақ балаларының қара шаңырағына айналған алтын ұя мектебімізден қанаттарын қомдап,болашаққа деген асыл армандарының биік шыңдарына шығу үшін ұшып кеткен еді, өмірдің әртарап жолдарымен жүре тұра достықтары ажырамай ауыз біршіліктің арқасында балалық шақтары өткен ,білім нәрімен сусындаған білім ошағының ары қарайда өздерінен кейінгі білім алушыларға үлгі ретінде келіп мектеп ауласының көктеп көгеріштенуіне өз үлестерін қосып жаңа ғимараттың алдыңғы екі жақтауына «туя» талдарын отырғызды.Аталған іс-шараны бастауыш сынып білім алушыларымен бірге жүргізе отырып, мектептеріне деген ыстық сезім,ықыластарын жас бүлдіршіндерге жеткізе білді.Болашақта осындай патриоттық тәрбиені бойына сіңдіре білген білім алушыларымыз көптеп болсын деп мектеп директоры А.С.Джумагулова алғысын білдірді
#Жомарттүлек