«Жеңіс деген шат күлкісі баланың!» мерекелік іс-шара өткізілді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 мамыр-Ұлы Жеңіске 79 жыл толуына орай, 2024 жылдың 6 мамыр күні «Жеңіс деген шат күлкісі баланың!» мерекелік іс-шара өткізілді.Ұлы Отан соғысында қыршыннан қиылған жас боздақтардың рухына арнап, 1 минут үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің директоры Джумагулова Айгуль Сериковна жеңіс күнімен құттықтап сөз сөйледі. Елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдары айтылды. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға уйрету. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.