«Бейбіт күнде де Отан қорғау парызымыз!» атты аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді.
2024 жылдың 6 мамыр күні Шу ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ Балалар жасөспірімдер өлкетану және және туризм орталығында «Бейбіт күнде де Отан қорғау парызымыз!» атты аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінен пікірсайысқа «Жаңа заман» және «Республика» фракциялары қатыстырылды. Пікірсайысқа қатысқан «Жаңа заман» фракциясы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Пікірсайысқа қатыса отырып мәселенің өзектілігі мен оның шешу жолдарын тиімді етіп қарастыруды үйренді. Қатысушылардың ойында ғана қарсылас,өмірде көздеген мақсаттарының бір екендігін түсіндіре отырып, нақты қадам жасауға үйретті.