«Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыбында мектеп психологы Ж.Қаратаева ата-аналармен және білім алушылармен кездесу өткізді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 05 сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» атты іс-шара жоспары аясында «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыбында мектеп психологы Ж.Қаратаева ата-аналармен және білім алушылармен кездесу өткізді. Мақсаты: ата-аналар мен білім алушыларға интернет желісінің зиян тұстары, келтіретін зардаптары туралы ақпарат беру. Пайда болатын психологиялық ауытқушылықтардың білім алушының өміріне әсері жайында, интернет тәуелділігінің диагнозы, оның типтері, интернетке деген құмарлықтың факторлары жайлы түсіндіру. Кездесудің барысында Ж.Қаратаева жалпы мәлімет берді. Интернет тәуелділіктің анықтамасы, интернет тәуелділігінің диагнозы, оның типтері, интернетке деген құмарлықтың факторлары жайлы мағлұмат берілді. Интернет адам санасын қандай жолдармен улайтынын, оның отбасымен қарым-қатынастағы қиындықтар сипаттамасы түсіндірілді.