«Үй жағдайында интернет ресурстарды қолдану пайдалану мәселелері» тақырыбында түсіндірме ақпараттандыру жұмысын жүргізді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де 2022 жылдың 1-8 сәуір аралығында өткізілген «Қауіпсіз интернет» атты іс-шара жоспарына сәйкес ДТІЖО А.Р. Адалбекова 7 сынып ата-аналары мен оқушыларына «Үй жағдайында интернет ресурстарды қолдану пайдалану мәселелері» тақырыбында түсіндірме ақпараттандыру жұмысын жүргізді. Жиналыс барысында ақпараттық қоғамдағы балалардың қауіпсіздігі, цифирлы технологияларды қауіпсіз қолданудағы білімдері мен дағдыларының жетілдіру жолдары туралы, жағымсыз немесе қауіпті жәйттерге кездескенде одан алыстататын мінез-құлық ережелерін меңгеру қажеттігін түсіндірді. Ата-аналар бақылауын қоюдың нұсқаулығымен таныстырды. Ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, қызу талқы жүрді.