Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың мамыр айының 6 күні 9- мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Ұлы Жеңіске мың тағзым !» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды – ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Іс – шара соңында кітапханашы Даулетова Ақзада Ноғайбекқызы Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі ешуақытта ұмытылмайтыны жайында түсіндік берді.