Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де 2022 жылдың 25 мамыр күні сағат 9-00 «Түлектер -2022 жаңа Қазақстанның ертеңі» соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға мектебіміздің 1982 жылы бітірген мектеп түлектері және ардагер ұстаздар, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Мектеп түлектері «Алтын ұя мектебіне» өз ән-жырларын арнап, әсем билерімен тамсандырды. 1982 жылы мектеп бітіргендерінен 40 жыл толған түлектер «Мектепке тағзым» акциясын қолдап өз тараптарынан мектептің дамуы мен көркеюіне үлестерін қосып, көпшіліктің алғыстарына бөленді. Біз мектеп түлектерімен мақтанамыз! Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз! 11 сынып түлектеріне алдағы қортыныды аттестаттау емтихандарын және ҰБТ –ді сәтті өткізулеріне шын жүректен тілектеспіз! Сәт- сапар! Ақ жол! Болашақтарың жарқын болсын!
# Балаларжылы!