Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де «Балауса – 2022» жазғы алаң лагерінде «Қазақ ертегілеріне 20 минуттық оқу» тақырыбында мектеп кітапханашысы кітапханаға саяхат жасады. Білім алушылардың ертегі әлемі туралы танымын кеңейту. Іздену, зерттеу қабілеттер дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде білім алушылардың қызғушлығын арттыру, олардың бойында шығрмашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
6 маусым күні «Балдырған» тобымен «Піл құлағы» тақырыбында ертегіні кітапханашы А.Даулетова оқып берді. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәтүрі, әдет-ғұрыпы, бүкіл болмысы, адмдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.