«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс ҮІ съезінде Қазақстан Республикасының президенті Қ,Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды 3 басымдылық – Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиетті атап өтті. Білім күні-жастар үшін де ересектер үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Осыған орай 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты шара «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілді. Салтанатты шарада мектеп директоры Айгуль Серікқызы Джумагулова білім алушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Шу ауданының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қасымхан Шатырханұлы Мауленов қатысып, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін жеткізді. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Сағынышқа , шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңыз үшін құтты болсын!