«Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмсын жүргізіп, білім алушыларды ӘҚБтК-нің баптарымен таныстырды.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылы қыркүйек айының 21-і күні Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлыбеков пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Нурбекова 9-11 сыныптардың білім алушыларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмсын жүргізіп, білім алушыларды ӘҚБтК-нің баптарымен таныстырды. Білімалушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Дәріске 78 білім алушы қатысты.