« Республикам менің» атты челленджін мектеп кітапханашысы ұйымдастырды.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ –де«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 25 қазан Республика күніне орай « Республикам менің»атты челленджін мектеп кітапханашысы ұйымдастырды. Іс – шараның мақсаты білім алуларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын тусіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.9 «А», 9 «Б» сынып білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.