«Мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілерінің бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 27 қазан күні Шу аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілерінің бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары » тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: мектептің есігін ашқан балдырған балаларды жарығы мол жаңаша өмірге, адамдық асыл қасиеттерді қастерлеуге, өмір заңдылықтарын үйренуге бағыттау. Шу аудандық білім бөлімінің әдіскері Э.М.Наурызбаева семинар бағдарламасымен таныстырып, мектепалды мұғалімдерінің циклограммасы, 2022-2023 оқу жылындағы жаңа бағдарламаның ерекшеліктері, мектепалды сыныбының жұмыс жасау жүйесіндегі негізгі талаптарға тоқталып өтті. Мектеп психологы Г.Н.Джанибекова келген әріптестермен түрлі тренинг өткізсе, мектеп алды сыныбының топ жетекшісі Б.Н. Джиембекова тәрбиеленушілерімен ашық сабақ және театрландырылған қойылым көрсетті. Мектеп фоесіне білім алушылардың шығармашылық жұмыстары, оқу-әдістемелік құралдары, балалар әдебиеттерінен көрме ұйымдастырылды. Жалпы іс- шараға ауданымыздың 41 мұғалім қатыстып, өздеріне қажетті ақпарат алып, кері байланыс арқылы ризашылықтарын білдірді.