Меню KDT

logo7.png?_=1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru


  • Ескерту

    Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:

    Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:

    ✅   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.

    ✅   Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін, білім беру ұйымы қабарғасында ұйымдастырылып өткізіледі.

    ✅  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;

    ✅  Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.

    ✅  Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;

    ✅  Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;

    ✅   Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;

     ✅   Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.

    Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!

    04.05.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Керекті сілтемелер