Өрттің болуының техникалық себептерін, тұрмыстық себептерін таныстыра отырып, алдын алу шаралары туралы кеңес берді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылың 10 қараша күні Шу ауданы Төтенше Жағдайлар Бөлімшесінің мамандары аға инженері азаматтық қорғау капитаны Өмірзақ Даулет Әсембекұлы, аға инженер азаматтық қорғау аға лейтенанты Пермебаев Марлен Берікбайұлы от жағу маусымының басталуына байланысты өрттен қорғанудың жолдары, өрт болған жағдайдағы алғашқы шаралар туралы 8-11 сынып білім алушыларына ақпарат беріп, жадынамалар таратты. Өрттің болуының техникалық себептерін, тұрмыстық себептерін таныстыра отырып, алдын алу шаралары туралы кеңес берді. Іс-шараға жалпы саны 114 білім алушы қамтылды.