«Вейп сигареттің қауіптілігі», «Кибербуллинг буллинг» тақырыбында бейне баян көрсетті.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 22 қараша күні 5 «а» сынып жетекшісі Г.Н.Джанибекова ата-аналармен ашық есік күндерінде, пән мұғалімдері мен мектеп психологының қатысуымен ата-аналар және білімгерлермен пед консилиум өткізіп, білім алушылардың үлгерімі туралы таныстырып мектеп психологы Ж.Т.Каратаева аутодеструктивті, девиантты мінез құлықтың алдын алу мақсатында «Вейп сигареттің қауіптілігі», «Кибербуллинг буллинг» тақырыбында бейне баян көрсетті. Әлеуметтік желідегі зиянды ойындар баланың тек денсаулығына, мінез-құлқына кері әсерін тигізіп қана қоймай, бала өмірі үшін өте қауіпті екенін түсіндірді. Ата-аналарға баланың интернетті пайдалануын өз бақылауына алуға және баланың зиянды әдеттерден аулақ болуына қалыптастыру, интернет ойын құмарлықты дер кезінде тоқтатып, баланың дұрыс бағытта дамуына аса мән беруге кеңес берді.