"Тіл - татулық тірегі" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атында орта мектебінде 24 қаңтар күні 5-9 сыныптар аралығында "Тіл - татулық тірегі" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпаққа ана тілінің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Оқушыларды мәнерлеп, көркемсөз оқуға үйрету. Тілді құрметтеп, қадірлеуге үйрету. Барлық сынып мәнерлеп оқу байқауына дайындалып келген. Алайда сайыс болған жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жеңген оқушылар мақтау қағазымен мараппатталды.