«Психологиялық кеңес беру» айлығы аясында 8 -9 сыныптар арасында «Құпия дос» акциясын ұйымдастырды.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 24 ақпан күні мектебіміздің психологтары мен тәлімгері Ақшабаева А «Психологиялық кеңес беру» айлығы аясында 8 -9 сыныптар арасында «Құпия дос» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияны орындау арқылы білім алушыларымыз, бір - біріне мейірімділікпен, жылулықпен, бауырмалдықпен қарауды үйренді. «Құпия дос» акциясында арнайы хат жәшігіне білім алушылар достарына арналған хатты салды. Соңында хат жәшігі ашылып, хат иелеріне таратылады. Барлық сыныптар белсенді қатысты және бұл акция білім алушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.