Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де 1 – наурыз Алғыс айту күніне байланысты «Алғыс айту жәшігі» қойылды. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Білім алушылар ұстаздарға, қызметкерлерге өздерінің алғыстары мен тілектерін жазып, ашық хаттарын арнады.
Мақсаты: Алғыс айту, сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.