Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де 2023 жылдың 1 – наурыз күні Алғыс айту күніне орай мектебімізде «Алғыс айту - адамзаттың асыл қасиеті» атты мерекелік өтті.
Мақсаты:Білім алушылардың жанұяға, ата – анаға,үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ықтымақтастықты дәріптеу, салт – дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін білім алушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте, татулықта, өмір сүруге тәрбиелеу.Іс – шараға 2 «А», 2 «Б», 2 «В»,4 «А», 4 «Б», 7«А», 8 «А», 8 «Б»сынып білім алушылары қамтылды. Мерекелік кешке 2 «А» , 2 «Б», 2 «В»сынып білім алушылары өлеңдерін жатқа айттып, 4 «А», 4 «Б», 7 «А», 8 «А», 8 «Б» сынып білім алушылары мың бұралып билеп, өнерлерін көрсетті. Кеш соныңда Үсенбай Еркежан «Қосалқы күйін» тартып,кешті тамандады.