«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды.
Ыбырай Алтынсаринатындағы орта мектебінде 2023 жылдың төртінші мамыры сағат 11:00- де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде жазу.