Командалар өз бақтарын сынап, жүлде орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 9 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса-2023» жазғы сауықтыру алаңында таңертеңгілік жаттығу жасалып, психологиялық тренинг өткізілді. Денешынықтыру пәні мұғалімдері спорт залда балалармен эстафеталық ойындар өткізді. Командалар өз бақтарын сынап, жүлде орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Мақсаты: Білім алушылар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру.