Шу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының маманымен бірлесе отырып аудан және қала мектептерінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдер рейдтік іс-шаралар жүргізді.
2023 жылдың 7-9 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық акциясының өтуіне байланысты Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының ұйымдастыруымен Шу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының маманымен бірлесе отырып аудан және қала мектептерінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдер рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейдтік іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандардың қатысуымен және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кәметке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінісіз үйден тыс жерлерде жүруін болдырмау.