«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 24 қазан күні тәрбие жоспарына сәйкес «Туған елім Қазақстаныма арнаймын» атты салтанатты жиын өткізілді. Салатантты жиында тарих беттерін еске түсірер оқиғалардан көрініс қойлып, «Егемендік декларациясы» туралы ақпарат берілді. Мектеп директоры Джумагулова Айгул Сериковна мектеп оқушылар мен ұжымды еліміз үшін мәртебелі, болашақ ұрпақ үшін маңызды мерекемен құттықтап, жиын ән мен биге ұласты. Республика күні, 25 қазанда Қазақстанды мекендейтін халықтың достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі паш етілетін күн. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз!
# Республика күні
#Біртұтастәрбие