«Туған елім Қазақстаныма арнаймын» атты салтанатты жиын өткізілді.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 24 – қазан Республика күніне орай «Туған елім Қазақстаныма арнаймын» атты салтанатты жиында салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Ұлан» тобына 5«А», 5«Б» сыныптарының 25 білім алушысы қабылданды. Барлығына галстук пен төсбелгілері тағылды.