"Тәуелсіздік теңдігім ,егемендік-елдігім!" тақырыбында, волейболдан қыздар арасында жарыс өткізілді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 25 - қазан Республика күніне орай "Тәуелсіздік теңдігім ,егемендік-елдігім!" тақырыбында,волейболдан қыздар арасында жарыс өткізілді. Ойынға , Шу қаласының мектептері шақырылды,қыздар жақсы ойын көрсетіп,жүлделі орындарға ие болды. I орын- С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, ІІ орын - Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі, ІІІ орын - Төле би атындағы орта мектебі және А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі иеленді.Әр команда ойыншылары номинация иегерлері атанды, Жұмахан Айсұлу "Ең үздік ойыншы" номинациясы, Қазақ Ақбаян "Ең үздік шабуылшы",Зайцева Нармина "Ең үздік қорғаушы", Мұрат Әйгерім және Темірханқызы Жаннұр "Ең үздік үйлестіруші" атақтарына ие болды. Жеңімпаз командалар, кубокпен , әр команда ойыншылары медальмен және грамотамен марапатталды. Мақсаты: Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу. Білім алушыларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.