«Қызылшаның алдын алу маңызды» тақырыбында жат жазулар алды.
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 10 қараша күні қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық профилактикалық іс шараларды жүргізу мақсатында мектеп медбикесі Б.Д.Башегова 5-11 сыныптардың білім алушыларынан «Қызылшаның алдын алу маңызды» тақырыбында жат жазулар алды. Сонымен қатар мектептің білім алушыларынан қызылша инфекциясының алдын алу бойынша сауалнама алынып қорытындысы шығарылды. 5-11 сыныптардың білім алушыларына қызылша ауыруының белгілері, одан сақтану жолдары туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.