Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2023 жылдың 17-қараша күні ДҚТІЖО М.М.Нурбекова, мектеп инспекторы Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлыбеков, Шу АПБ УПИ полиция аға лейтенанттары А.Мейрамбек пен Н.Өркенбай 8-11 сыныптардың білім алушыларына «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында білім алушыларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 434, 440, 442,448,440, 127, 274, ҚР ҚК-нің 191-баптарын таныстырып, балаларды тәртіпті болуға, құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды. Жиналысқа 98 білім алушы қатысты.