«Білім алу әрбір азаматтың құқығы ма, әлде ақылы қызмет па?» тақырыбында 10 сынып білім алушылары арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
Шу қаласы «А.С. Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 22 қараша күні «Білім алу әрбір азаматтың құқығы ма, әлде ақылы қызмет па?» тақырыбында 10 сынып білім алушылары арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Пікірсайысқа Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінен «Жаңа заман» фракциясы қатыстырылды. Мақсаты:Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Өз мемлекетінің болашағына жауапкершілікпен қарау, әділдікке тәрбиелеу. Аталған іс –шараға қатысқан «Жаңа заман» фракциясы Кертай Қанат, Болат Асқар I орынды иеленді. Атқарылған іс-шара бойынша мәлімет, мектептің әлеуметтік парақшараларына салынды.