«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» туралы 273-бабымен таныстырды.
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 01 желтоқсан күні кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шу көлік прокуратурасының прокуроры Таңсықбай Есет Нұржанұлы мен Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж.Мырзан 8-11 сыныптардың білім алушыларымен жиналыс өткізіп, «Жалған терроризм» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында ҚР ҚК-нің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» туралы 273-бабымен таныстырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс екенін, технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын еместігін және ҚР Қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыс жасалған уақытта 14 жасқа толған адамдар Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жататынын атап өтті. Сонымен қатар Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж.Мырзан түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтыны туралы, «Түнгі уақыттағы балалар» жедел профилактикалық шарасының өткізіліп тұратыны туралы айтып, ҚР ӘҚБтК -нің «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» туралы 442-бабымен таныстырып өтті.