«Жер сілкіснісі кезіндегі іс әркет» тақырыбында төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы , азаматтық қорғау майоры Бегалиев Бақыт Сәрсебаевич бастаған аудандық төтенше жағдай бөлімімен бірлескен іс-шара өткізілді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 23 қаңтар күні І ауысымда 195 білім алушы, ІІ ауысымда 201 білім алушы «Жер сілкіснісі кезіндегі іс әркет» тақырыбында Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы ,азаматтық қорғау майоры Бегалиев Бақыт Сәрсебаевич бастаған аудандық төтенше жағдай бөлімімен бірлескен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында жер сілкінісі кезіндегі іс –әрекет көрсетілді, қорғану жолдары түсіндірілді. Мектеп білім алуышлары, мұғалімдер, кіші қызметкерлер қамтылған сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді. Құтқарушылар тобы жарақат алған жағдайдағы алғашқы көмек көрсету шараларын жүргізді.