«БП Балаларды тәрбиелеу тактикасы ретінде қорқыныш сезімін қолдануды қолдайды» тақырыбында 8 «А» және 8 «Б» сыныптар арасында дебат өткізілді. Пікірсайысқа «Ақиқат ұшқыны» және «Ой-Дария» фракциялары қатыстырылды.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айының 30-ы күні «БП Балаларды тәрбиелеу тактикасы ретінде қорқыныш сезімін қолдануды қолдайды» тақырыбында 8 «А» және 8 «Б» сыныптар арасында дебат өткізілді.Пікірсайысқа «Ақиқат ұшқыны» және «Ой-Дария» фракциялары қатыстырылды. Атқарылған іс-шара бойынша мәлімет, мектептің әлеуметтік парақшараларына салынды. Мақсаты: Балаларға интернеттің пайдасы мен зияны жайлы айту, зиянды ойындардан, бұрыс жақтарынан сақтау.Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; Білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу;