«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шара аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, бейне баян көрсетті.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде 2024 жылдың 09 ақпан күні темір жол аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың өмірі мен денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж. Мырзан мен Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Т.Секербеков 05-29 ақпан аралығында өткізіліп жатқан қылмыстың алдын алу және «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шара аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, бейне баян көрсетті.