«Алғысым шексіз халқыма!» тақырыбында мектеп кітапханасышы Даулетова Ақзада Ногайбекқызы мен 8 «А» сынып жетекшісі Басжанова Жаннұр Сейлханқызының ұйымдастырумен дөңгелек үстел өтті.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 27 ақпан күні 1 наурыз – алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз халқыма!» тақырыбында мектеп кітапханасышы Даулетова Ақзада Ногайбекқызы мен 8 «А» сынып жетекшісі Басжанова Жаннұр Сейлханқызының ұйымдастырумен дөңгелек үстел өтті. Алғыс айту күні - бір-бірімізге құрмет көрсететін күн, ортақ тарихымызды ұлықтайтын мереке. Іс – шарада кітапханашы алғыс айту күнінің мәнін түсіндіру арқылы білім алушыларға «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада алғыс айту күнінің мән-маңызын, мерекенің тарихы туралы айтып берді. Кеш соңында іс-шараға қатысушылар ән айтып, бір-біріне алғыс айтып, Отанына, туған жеріне, ата-аналарына, ұстаздарға және барша жандарға алғыстарын білдіріп тарқасты.