«Отбасы-қоғамның діңгегі»атты №1 жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 15 қыркүйек күні «Отбасы-қоғамның діңгегі»атты №1 жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс метеп психологтарының «Өзіме және көршіме» тренингімен басталды. Күн тәртібінде: 1.2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері, оқу процесіне қатысушылардың құқықтарымен міндеттері, оқу процесінің ұйымдастырылуы жауапты: Мектеп директоры А.С.Джумагулова 2.Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы» ҚР-нің жаңа 2023 жылдың 1 шілдесінде заңды күшіне енгені туралы таныстыру жауапты: Шу АПБ ЖПҚБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтененты Садық Жансая Қырбашқызы 3.Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершілігі Жауапты:Мектеп инспекторы:Жайлыбеков Біржан Сабитұлы 4.Әр түрлі мәселелер ( Ата-аналар төрайымын сайлау, сұрақтарға жауап беру) Күн тәртібінде қойылған мәселелер бойынша жауаптылар ақпарат беріп өтті, ата-аналар сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.Ата-аналардың ашық дауыс беруі арқылы ата-аналар төрайымынаКамбарова Алия Сулейменовнаны, мүшелері Ергазиева Алияны , Байсейтова Айгерімді сайлады.