Меню KDT

logo7.png?_=1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru


  • Іс-шаралар

    Ұлы Абай айтқандай, «толық адам» келбетіне жету –түпкі нәтижені меңзейді.
    Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс.
    Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парызымыз.

        Ұлы Абай айтқандай, «толық адам» келбетіне жету –түпкі нәтижені меңзейді. Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парызымыз.

    Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ал келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын – мемлекеттің болашағы. Оған ешкімнің таласы жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек» – деп Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды өзгерістер, тіпті ауқымды реформалар керектігіне баса назар аударды. Осыған орай, қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын – оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек.   Осы орайда біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы мен берері мол.

    Биылғы оқу жылында  тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Мектептің  тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс тапты.

    Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын негізге алып әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін дөңгелек үстелдер, пікірталастас, талқылау, рөлдік ойындар, кейстерді шешу және тағыда басқа  формада өткізілді;Сонымен қатар жаңа оқу жылының  тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Төле бидің 360 жылдық,  Музафар Әлімбаевтың 100 жылдық,  Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық  мерей тойларына назар аударылды.

     

    # Біртұтастәрбиебағдарламасы

    03.06.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Керекті сілтемелер