Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 27 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру,олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, қазақ халқы деп шырылдаған ер жүректер мәңгі есімізде болмақ... Бұл күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіретті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті ұйытпауы тиіс. Іс – шараға 5 «А» сынып білім алушылары қамтылды. Іс – шара соңында, білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.