2024 жылдың 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтантты жиын мектептің дәстүріне арналған Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гул шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шара мектеп директоры Джумагулова Айгул Сериковнаның құттықтау сөзімен жалғасын тапты, салтантты жиынға 2003-2024 оқу жылында бітірген 20 жылдық түлектер қонаққа келді. Салтанатты жиынымызды қонағы Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Тұрар Төреқұлұы бітіруші түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, қалаған мамандықтарына түсуіне тілек білдірді.Ұстаздар, ата-аналар, 20 жылдық түлектер мектеп бітіруші түлектерге ақ жол! Сәт сапар тілеп жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің ұстазы Арысбаева Айнаш Сатаркуловнаға Шу ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 мамырдағы №348 өкімі бойынша «Шу аунанына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Салтанатты жиыннан кейін «Мектепке тағзым » акциясы аясында Шу аудандық масихатының депутаты Канат Амангелдиевич Қойшыбековтың ұйымдастыруымен 47 түп алма ағашы мектептке тарту етілді. Мектеп түлектері, 20 жылдық түлектер мен ұстаздар мектеп ауласында алма ағаштарын екті.