ХАБАРЛАНДЫРУ!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты 24 мамыр күні 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Аталған іс-шарада сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды.
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА 25 МАМЫР КҮНІ “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕДІ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен 5-8,10 сынып оқушылары емтихан тапсыруды 27 мамырдан бастайды.
Қорытынды бітіру емтихандары 9 сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 28 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады. Оқушыларды «Соңғы қонырау» іс –шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата –анасының немесе заңды өкілінің, біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ету үшін қажеттілігін ескертеміз.
Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға, өзен жағасына баруына баруына тыйым салынатындығын ескертеміз!
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
Құрметті ата-ана ! Ұл-қыздарымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру сіз бен біздің негізігі -міндетіміз!Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймыз!!!
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің әкімшілігі.