2022 жылды 11 ақпан күні Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де мектеп кітапханасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай « Ауғанның отты жылдары» тақырыбында тарихи кеш ұйымдастырылды. Іс – шараға ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ардагерлеріміз А. Құрманбаев, Қ.Қуанышбеков, Н. Молдамұратов шақырылды. Тарихи кешке 8- сынып білім алушылары қатысты.
Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Кеш соңында «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды.