«Темекі мен ішімдіктің зияны» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, бейне баяндар көрсетті.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 31 наурыз күні ДҚТІЖО М.Нурбекова 8-9 сыныптардың ұлдарына «Темекі мен ішімдіктің зияны» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, бейне баяндар көрсетті. Түсіндірме жұмысының мақсаты: білім алушыларға бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Темекінің, ішімдіктің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.