Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ –де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақ елі-татулық мекені», «Ынтымақ достық кепілі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Қазақстанда тұратын 130 астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында тату болуының негізі халықтар достығында екендігі жайлы айтылды. Толеранттылық , ынтымақ, бірлік ұғымдарының мән мағынасы ашылды. Қазақстаннның көп ұлтты елге айналу тарихы туралы таныстырылым, бейне роликтер көрсетілді.
#Бірліккүні